«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беру ұсынылды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: ана өлімін азайту үшін контрацептивтерге қаржы бөлу қажет

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда ана өлімінің кей өңірлерде артқанына алаңдаушылық білдірді. Министрдің айтуынша, қазіргі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еліміздің алты өңірінде ана өлімінің өсуі байқалады.

«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіші Ақмола облысында тіркеліп отыр. Бұл өңірдегі көрсеткіш республикалық деңгейден жеті есе жоғары. Қайтыс болу себептерінің құрылымына тоқталсақ, олардың 55%-ы ауыр экстрагениталды ауруларға, ал 45%-ы акушерлік себептерге байланысты», – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр ана өлімінің алдын алу мақсатында бірқатар нақты шараларды ұсынды. Ол әкімдіктерге дәрігер мамандарды тарту, олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаржы бөлуді ұсынды.

«Жергілікті атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен жүкті әйелдер мен балаларды облыстық медициналық орталықтарға жеткізуге арналған көлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бала туу жасындағы осал топтағы әйелдерді контрацептивтік құралдармен қамтамасыз етуге қаржы бөлуді сұраймыз», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстікте бір сағатқа ұзақ: Қазақстанда ораза ұзақтығы өңірге қарай өзгереді

Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі: әкімдік 6 миллиард теңгені өндіруге талап арыз берді

shyn_ar_admin

“Синий кит“ основателю вынесли приговор