«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚоғам

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге көтеру туралы петиция жарияланды

Қазақстан азаматы Диас Абайұлы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 200 мың теңгеге көтеруді талап етті

Қазақстан азаматы Диас Абайұлы GosRating.com сайтында Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден (шамамен 160 АҚШ доллары) 200 мың теңгеге дейін көтеруді талап еткен петиция жариялады. Оның айтуынша, қазіргі ең төменгі жалақы Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда да төмен деңгейде.

Мысалы,

  • Түркіменстанда ең төменгі жалақы шамамен 200 мың теңге (400 доллар),

  • Балтық елдерінде (Эстония, Латвия, Литва) – 500–600 мың теңге (1000–1200 доллар),

  • Эквадорда – 470 доллар (шамамен 270 мың теңге).

Осылайша, Қазақстандағы ең төменгі жалақы Түркіменстанға қарағанда 2,5 есе, ал Литваға қарағанда 8 есе төмен.

Диас Абайұлы 85 мың теңгенің бір отбасының азық-түлік пен күнделікті қажеттіліктерін өтеуге жетпейтінін атап өтті. Бұл мәселе әсіресе Алматы, Астана және өңірлік орталықтарда (мысалы, Таразда) айқын сезіледі.

Осыған байланысты ол Қазақстан азаматтарының атынан ең төменгі жалақыны кемінде 200 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеді. Бұл көрсеткіш Түркіменстан деңгейінде болып, халықтың өмір сүру сапасын халықаралық стандарттарға жақындатады деп есептейді.

Сондай-ақ, Диас Абайұлы қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға, петицияға қол қоюға және ақпаратты таратуға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстанда ең төменгі жалақы қазір 85 мың теңге деңгейінде. Бұрын жауапты министрліктер жалақыны көтеру мүмкіндігін айтқанымен, үкімет вице-премьері Серік Жұманғарин бұл мәселенің күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді. Қаржы министрі Мәди Такиев те бұған дейін айтқан мәлімдемелері ресми жоспар емес, болжам екенін түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді

Қазақстанның ұлттық нышандар тізімі бекітілді

Маңғыстауда алғаш рет мәйіттік донор тіркелді