«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Жұмыртқа бағасын арзандату ұсынысы неге қолдау таппады — министрлік түсіндірді

Жұмыртқа бағасын арзандату туралы ұсыныс неге қолдау таппағанын Ауыл шаруашылығы министрлігі түсіндірді.

23 сәуірде Мәжіліс отырысында вице-министр Аманғали Бердалин Қытайдан инкубациялық жұмыртқа импорттауға рұқсат беру ұсынысына жауап берді. Бұл мәселені депутат Бауыржан Смағұлов көтерген.

Оның айтуынша, Қытайдан жеткізу жұмыртқа бағасын 10–15%-ға, ал логистика есебінен 20%-дан астам төмендетуі мүмкін еді. Алайда министрлік бұл ұсынысты қолдамады.

Вице-министрдің сөзінше, басты себеп – биологиялық қауіпсіздік. Қытайда құс тұмауы мен басқа да індеттер бойынша жағдай толық тұрақталмаған. Егер ауру қайта тіркелсе, Қазақстан ұзақ мерзімді шектеулерге тап болуы мүмкін.

Қазіргі таңда екі ел арасында ветеринариялық талаптарды келісу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы кезең – бейнеинспекция. Осыдан кейін ғана Қытайдан құс өнімдерін импорттау мәселесі қаралады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы қарызы 8,2 трлн теңгеге жетті: сарапшылар теңге мен инфляцияға ықпалы туралы ескертті

Астанадағы LRT екі аптада шамамен 200 млн теңге табыс тапты

Алматыда жер сілкінісін алдын ала ескертетін ғылыми орталық ашылды