«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемМәдениет

Аргентинада Димаш атындағы музыкалық кабинет ашылды

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері (Dears) музыкалық аспаптарға мұқтаж мектептерді қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық жобасын бастады.

Жоба Аргентинадағы Димаш жанкүйерлері мен «La Era Dimash» командасының қолдауымен жүзеге асырылды. Алғашқы қайырымдылық шарасы ретінде Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектебі таңдалды. Жанкүйерлер мектепке қажетті музыкалық аспаптар мен оқу құралдарын табыстады. Бұл мақсатта фан-клуб мүшелері 400 шақырымнан астам жол жүріп келген.

Жобаның негізгі мақсаты — балаларға музыкамен айналысуға мүмкіндік беру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның мәдениетімен таныстыру.

Аспаптарды тапсыру барысында жанкүйерлер мектепте Қазақстанның ұлттық киімдері мен мәдениетіне арналған шағын көрме ұйымдастырып, Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолы туралы ақпарат берді. Мектеп әкімшілігі бұл игі бастамаға ризашылық білдіріп, музыка кабинетін Димаш Құдайбергеннің есімімен атау туралы шешім қабылдады. Олар бұл қадамды өнерпаздың халықаралық мәдениетке қосқан үлесін мойындау және оқушыларды өнер мен биік мақсаттарға жетелеуге ықпал ететін маңызды мәдени-тәрбиелік оқиға деп бағалады.

Кездесу соңында мектеп ұжымы жанкүйерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасанның соты өтетін күн мен орын белгіленді

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Украинадағы соғыс аяқтала ма? Келіссөзге дейінгі текетірес күшейді