«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Ипотеканы қайта бере бастаған банктер анықталды

Қазақстанда кейбір банктер пайыздық мөлшерлемені көтеріп немесе тек серіктестік бағдарламалар арқылы ипотека беруді бастады. Бұл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені рекордтық деңгейге — 18%-ға көтергеннен кейінгі нарықтық бейімделудің нәтижесі болды. Сол кезеңде көптеген банктер ипотеканы толық тоқтатқан еді.

Қазір кейбір банктер жаңа шарттармен ипотекалық несие беру қызметін қайта енгізе бастады.

Ипотека нарығы құлдыраған жоқ, бірақ айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы классикалық бағдарламалар жойылып, олардың орнын гибридті шешімдер алмастырды: құрылыс компанияларымен серіктестік бағдарламалар және кепілмен қамтамасыз етілген ипотека сияқты біріктірілген өнімдер қолжетімді. Бұл туралы “Крыша” басылымы хабарлады.

Қай банктер ипотека береді:

  • Halyk Bank бастапқы нарықта серіктес ипотекасын ұсынады. Мөлшерлемесі жылдық 20–25% болса да, екінші нарықтағы үйлерге өтінім қабылдауды бастады.

  • Банк ЦентрКредит өткен аптада ипотеканы қайта енгізді. Бұл банкте де пайыздық мөлшерлеме 20–25% аралығында.

  • Freedom Bank стандартты және каскадты ипотекалық несиелер бойынша техникалық баптау жүргізіп жатыр. Жақын арада банктің сайтында және мобильді қосымшасында жаңа мөлшерлемелер көрсетіледі. Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы мен серіктестік бағдарламалар арқылы несие алуға болады.

  • Altyn Bank әзірге бастапқы нарықтағы үй немесе пәтер алу үшін тек серіктестік ипотеканы ұсынады.

Осылайша, Қазақстанда ипотека қолжетімді, бірақ қазір оның беру шарттары айтарлықтай өзгерген.

Ұқсас жаңалықтар

«Неге жедел жәрдемді 10 минут кеш шақырдыңыз?» — астаналық клиникадағы қайғылы жағдайдың шындығы ашыла бастады

В Казахстане сужают дороги

Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі: әкімдік 6 миллиард теңгені өндіруге талап арыз берді

shyn_ar_admin