«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Украина Ресейдің зымыран және дрон өндірушілеріне санкция енгізді

Украина Ресейдің зымырандар мен дрондар өндіретін компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тиісті жарлықтарға Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды.

Қабылданған шешімге сәйкес, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына қажетті компоненттерді жеткізетін компаниялармен қатар, Ресейдің қаржы секторы, криптовалюта нарығы және тау-кен өндірісін қамтамасыз ететін құрылымдар да шектеулер тізіміне енді.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл санкциялар Еуропалық Одақтың 20-шы санкциялық пакетімен үйлестірілген. Алайда тиісті жарлықтар әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Президент жарлықтарына сәйкес, санкция тізімдерін министрліктер мен ведомстволар дайындап, ұсыныстар Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің қарауына енгізіледі. Сонымен қатар Киев Батыс елдеріне Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу жөнінде тұрақты түрде ұсыныс жолдап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қос табысы бар азаматтар медициналық сақтандыруға екі рет жарна төлеуге қарсы

Назарбаевтар зиратындағы жаңа қабір қоғамда сұрақ тудырды – әкімдік түсініктеме берді

Талғардағы адам өлтіру және баланы ұрлау ісі: учаскелік инспекторға қатысты тергеу аяқталды