«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Осыған дейін облыс әкімі қызметін атқарған Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 1983 жылғы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 42 жаста.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Сонымен қатар Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану мамандығын, Азаматтық авиация академиясында көлік қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану мамандығын меңгерген.

Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Сондай-ақ Президенттің күзет қызметінің бастығы болған.

2024 жылғы маусымда ол Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Шыңғыс Әрінов «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» II және III дәрежелі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Monster of Shymbulak қайта оралды!

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді