«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Қазақстанда бірқатар министр жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығыммен Қазақстан Үкіметінің құрамында бірқатар өзгеріс болды. Бірнеше министр жаңа қызметке тағайындалып, кейбірі бұрынғы лауазымдарына қайта бекітілді.

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Сонымен қатар Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі, Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымдарына қайта бекітілді.

Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымын қоса атқаратын болды.

Бұдан бөлек, Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Әділет министрі қызметіне тағайындалды.

Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Төтенше жағдайлар министрі, Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына келді.

Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Оқу-ағарту министрі, Арман Абайұлы Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметтеріне тағайындалды.

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі, Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Денсаулық сақтау министрі, ал Әлібек Сакенұлы Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Осыған байланысты Әлібек Қуантыров бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі, Асқарбек Маратұлы Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Осылайша, Мемлекет басшысының соңғы Жарлықтарымен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс жүзеге асырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда жолаушыларға ұнайтын жаңа ереже енгізілді