«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Көрнекі сурет

2025 жылғы 14 ақпанда Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібі түсіндірілді.

ІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеру керек.

Бұл ретте, келесі мемлекеттік баждар төленеді:

  • тіркеу — 0,25 АЕК және
  • тіркеу туралы куәлік — 1,25 АЕК
  • мемлекеттік нөмір — 1,4 АЕК

«Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі». Шыңғыс Алекешев

Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Дереккөз: zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады

shyn_ar_admin

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

Пікір жазу