«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Ақылы жол ақшасы енді үкімет қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін

Қазақстанда ақылы жолдардан жиналатын қаржының бір бөлігі енді үкіметтің жол құрылысына алған қарыздарын өтеуге бағытталуы мүмкін. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көтеріп отыр.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда «Автомобиль жолдары туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда. Ұсынылған түзетулер қабылданса, ақылы жолдардан түсетін қаражат тек жол учаскелерін күтіп ұстауға ғана емес, сондай-ақ жол салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін алынған несиелердің пайызын өтеуге де жұмсалмақ.

Сонымен қатар, жүргізушілер төлейтін төлемдерді республикалық және халықаралық маңызы бар, бірақ ақылы жүйеге кірмейтін автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану да жоспарланып отыр.

Бұған дейін ҚазАвтоЖол 2025 жылы ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналғанын хабарлаған еді. Ресми дерекке сәйкес, бұл қаражат жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Жалғыз қазақ ауылы жойылып барады: Су жоқ. Жол шұрық-тесік. Мәдениет ұмытылды

Аңның киесі: Ұрпақ жадында қалған тылсым оқиға

Redaktor Shyn-Ar