«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Қазақстан Халық кеңесінің құрамы бекітілді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Оның құрамына 126 адам енді. Олардың ішінде бұрынғы мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестік өкілдері бар.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.
Айта кетері, Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді. Кеңеске ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және Құрылтайға заң жобаларын енгізу өкілеттігі беріледі.
Сонымен қатар кеңес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасында қарым-қатынас орнатады.
Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді.

Ұқсас жаңалықтар

Бүлдіршінді тепкілеп, қолын бұраған: Кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды

Redaktor Shyn-Ar

Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай өмірден өтті

Жаз мезгілінде ауыр жүк көліктеріне жол қозғалысында шектеу қойылады