«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚаржы

WhatsApp 1 қазаннан бастап қазақстандықтардан хабарламалар үшін ақы ала бастайды

1 қазаннан бастап WhatsApp компанияларға клиенттерге хабарлама жіберуге қатысты жаңа тарифтік тәртіп енгізеді. Өзгеріс WhatsApp Business Platform арқылы хабарлама тарататын кәсіпкерлерге қатысты.

Енді компаниялар клиенттерге жіберілетін белгілі бір хабарламалар үшін ақы төлеуі керек болады. Бұл ретте қарапайым WhatsApp қолданушылары хабарламаларды қабылдағаны немесе жібергені үшін ақы төлемейді.

Жаңа талаптар WhatsApp Business Platform-ды пайдаланатын, сондай-ақ автоматтандырылған хабарламалар, CRM жүйелері, чат-боттар және басқа да интеграцияланған сервистер арқылы клиенттермен байланысатын бизнеске қатысты.

Ал API интеграциясы жоқ кәдімгі WhatsApp пен стандартты WhatsApp Business қолданушыларына бұл өзгерістер әсер етпейді.

Бұған дейін WhatsApp 8 қыркүйектен бастап кейбір ескі смартфон модельдерінде жұмысын тоқтатуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Әскери университеттен Назарбаевтың есімі алынып тасталады

Қазақстанда аптасына төрт күн жұмыс істеу жүйесі біртіндеп енгізілмек

«Аз уақыт қалды». Бектенов су тасқынына дайындалу керегін айтты