«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратҚоғам

КЕНЕСАРЫ ХАН ТУРАЛЫ СӨЗІ ДАУ ТУДЫРҒАН ЕКІ СТУДЕНТКЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қырғызстандық екі студенттің тікелей эфирде Кенесары хан туралы айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін олар қазақ халқынан кешірім сұрап, ешкімді кемсіту ниеті болмағанын мәлімдеді.

«Біз сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды. Біз ешқашан қазақ халқын кемсітуге немесе қаралауға мақсат қойған жоқпыз», – деген болатын студенттер.

Соған қарамастан, екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев хабарлады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Іс бойынша процестік шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

1 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы спорт вице-министрі Қожағапановқа сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысындағы бес баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды