«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Трамп: Путин мен Зеленский Украинадағы соғысты тоқтату үшін кездесуі керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату мақсатында кездесіп, келіссөз жүргізуі қажет деп санайды. Оның пікірінше, екі тарап та келісімге келуге дайын, бірақ ортақ шешімге қалай қол жеткізу керегін нақты білмейді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Трамп бұл туралы 12 қазанда Огайо штатына аттанар алдында Ақ үйдің Оңтүстік көгалында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің білуімше, Зеленский мен Путин осы мағынасыз соғысты тоқтату үшін кездесуі керек», – деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге ықпал етіп, тараптардың ортақ мәмілеге келуіне көмектесуге дайын.

Сонымен қатар ол Путиннің келісім жасауға Зеленскийге қарағанда көбірек бейілді екенін атап өтті. Осы орайда АҚШ басшысы Украина президентін келіссөздерге басымдық беруге шақырды.

Трамп Украинадағы соғысты реттеу бастапқыда өзі ойлағандай оңай болмай шыққанын да мойындады. Оның сөзінше, қақтығысты тоқтату күткеннен әлдеқайда күрделі міндет болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-қа 49 жылға жер жалға беру туралы келісімге Тоқаев қол қойды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда үшінші ұлттық валюта пайда болды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда қайтыс болғандар мен шетелдіктерге 21 млрд теңге зейнетақы төленген