«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратЭкология

Үкімет тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң жобасынан бас тартты

Қазақстан Үкіметі тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыруға қатысты заң жобаларын 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарынан алып тастады.

Тиісті өзгеріс Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Құжатта 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №1181 қаулымен бекітілген 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының 7 және 8-тармақтарын алып тастау көзделгені көрсетілген.

Аталған тармақтарда «Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы» және «Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қамтылған болатын.

Бұған дейін бұл құжаттарды Парламент қарауына биылғы тамыз айында енгізу жоспарланған еді. Алайда Үкімет қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, аталған бастамалар заң жобалау жоспарының күн тәртібінен алынып тасталды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан сақтандыру жүйесін енгізу және осы бағытта бірыңғай мемлекеттік оператор құру мәселесі талқыланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі су тарифіне байланысты пікір білдірді

Redaktor Shyn-Ar

Мадридский “Реал“ летит в Казахстан: матч с “Кайратом“

Дамир Оразбаев

Қазақстанда енді несиесі бар отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылады