«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеуметДенсаулық

Алматы крематорийі іске қосылуға дайындық үстінде

Алматыдағы крематорий қала әкімдігінің бейінді ұйымының балансына берілді. Бұл шешім Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында қабылданған.

Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына өткізу туралы шешім қабылдады. Мұндай шара мемлекеттік аудит қорытындысынан кейін жүзеге асырылды. Аудит нәтижесі бойынша Алматы қаласының әкіміне нысанның нақты баланс ұстаушысын белгілеу тапсырылған болатын.

Нәтижесінде, әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді.

Крематорийдің ресми түрде жұмыс істеуін бастау күні барлық қажетті нормативтік және ұйымдастырушылық рәсімдер аяқталғаннан кейін хабарланады.

Бұған дейін Алматыда шамамен 1,5 млрд теңгеге салынған крематорийдің министрлікке қажет болмай қалғаны туралы хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Отан қорғаушылар күніне орай шенеуніктерге ордендер табыстады

Redaktor Shyn-Ar

Нұрбол Назарбаев әкесінің қарызына байланысты өзін банкрот деп жариялай алмады

Қазақстанда мешітке берілетін садақаны тексеру ұсынылды