«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратэкономика

Өскеменде жол күтіміне бөлінген 120 млн теңгені басшылықтың өзі жымқырған

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты қала көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Күдіктілердің қатарында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар.

Тергеу мәліметінше, олар 2022–2023 жылдар аралығында өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына жүйелі түрде заңсыз аударып отырған.

Қылмыстық схеманың мәні материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеуге негізделген.

Атап айтқанда, ресми құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техниканы жалға алу, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдарды алу жөнінде жалған мәліметтер көрсетілген.

Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 млн теңгеден асты.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер Өскемен қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер, BMW X6M және Subaru Forester автокөліктерін, сондай-ақ жер учаскелерін сатып алған. Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, — деп хабарлады ҚМА.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайдағы өрт: Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды