«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, қашып кеткен

Оқиға 1 маусым күні қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, велосипед мінген азамат зейнеткер әйелді қағып, көмек көрсетпестен ізін суытқан. Зардап шеккен әйелге алғашқы көмекті сол маңдағы адамдар көрсеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиға орнынан қашып кеткен азаматтың жеке басын анықтап, оны ұстау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жын-жыбырлардың мерекесі»: ҚМДБ Хэллоуинге қатысты мәлімдеме жасады

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті

Түрмедегі екі мыңнан астам әйел бостандыққа шығуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar