«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

World Population Review платформасының Most Powerful Countries 2026 рейтингі бойынша Қазақстан 100 елдің ішінде 34-орынға ие болды. Орталық Азияда көш бастаған еліміз посткеңестік мемлекеттер арасында Ресейден кейінгі орынға тұрақтады. Алғашқы үштікке Қытай, АҚШ және Үндістан енді.

Қазақстанның халықаралық аренадағы ықпалы экономикалық көрсеткіштермен де нығайып келеді. 2021–2025 жылдары елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 114,2 млрд долларды құрады. 2025 жылдың соңында Ұлттық қор активтерін қоса есептегендегі халықаралық резервтер 129,3 млрд долларға жетті.

Халықаралық рейтинг агенттіктері де ел экономикасының тұрақтылығын жоғары бағалап отыр. S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін BBB деңгейінде, ал Moody’s Baa1 деңгейінде тұрақты болжаммен бағалады.

Қазақстан Орталық Азияның басты сауда-логистикалық орталығы ретіндегі орнын да нығайтып келеді. 2025 жылы өңірдің жалпы тауар айналымындағы елдің үлесі 143,9 млрд долларды, ал экспорттағы үлесі 79 млрд долларды құрады.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын, экономикалық әлеуетін және өңірлік саудадағы маңызды рөлін айқындайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

Redaktor Shyn-Ar

Жағымпаздыққа тоқтам бола ма?

Тоқаев: Қазақстан жаһандық қиындықтарға қарсы тұра білді

Redaktor Shyn-Ar