«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды
ашық дереккөзден

Сайрам ауданындағы Теспе ауылында орналасқан «Нарымбет ата» ЖШС-не қарасты бөбекжай-балабақшада 26 адам тағамнан уланған. Уланғандардың қатарында 24 бала мен 2 қызметкер бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, балабақшада жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған. Азық-түлік өнімдері мен қызметкерлерден алынған сынамалар оң нәтижелер көрсеткен.

«Барлық науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Тағамнан улануға асхананың технологиялық процесстерді бұзуы, өнімдерді дұрыс сақтамауы және қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтамауы себеп болған», — делінген департамент таратқан ресми ақпаратта.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ЖИ бәрін алмастыра алмайды: Ford тәжірибелі инженерлерді қайта қызметке алды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда сотталғандарды босату үшін қолданылатын аурулар тізімі кеңейтіледі

АҚШ Украина–Ресей бойынша үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды