«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСпорт

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды

International Boxing Federation (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық атағын қайтарып алды.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, ұйым ережесіне сәйкес чемпион титулды жеңіп алғаннан кейін тоғыз ай ішінде міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуі керек. Алайда бұл талап орындалмағандықтан, IBF тиісті шешім қабылдаған.

Оның сөзінше, федерациядан келген ресми хатта Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілетіні көрсетілген. Сонымен қатар ережеге сәйкес боксшы чемпиондық белбеуін 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы тиіс болған.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айының басында Әлімханұлы допингке байланысты дауға ілігіп, жоспарланған жекпе-жегі тоқтатылған еді. Бұл жағдай спорт қоғамында үлкен талқылау туғызды. Кейін боксшы өзі бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, таза спортты қолдайтынын айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелері жеңілдейді — Көлік министрлігі

Redaktor Shyn-Ar

По всему Казахстану: МВД стартовал ОПМ

Дамир Оразбаев

Қазақстанда 20 қазаннан бастап кейбір көліктерді әкелуге тыйым салынады