Жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытында жасау үшін қосымша уақыт пен ыңғайлы мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша түсінікті әрі қолжетімді етуді мақсат етеді.
Қазіргі нормаларға сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, материалдар сегізінші күні ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.
Алдағы уақытта енгізілетін жеңіл әрі ыңғайлы механизм бойынша, жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні көлік бақылау органдарына жіберіледі.
Сонымен қатар, бұрын жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғаларға арналған жеке тәртіп енгізіледі. Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданады.
Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін жеңілдетуге, төлем мерзімін ұзартуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.
