«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Тоқаев: Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жариялап, жаһандық бейбітшілікті сақтау жолында ядролық қарудан біржола бас тартуға шақырды.

Мемлекет басшысы бұл күннің БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан Қазақстанның бастамасымен бекітілгенін еске салды.

«Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауы тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамытуымыз қажет. Ядролық қарудан және сынақтардан түбегейлі бас тартуға күш салуымыз керек. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар», – деп жазды Президент.

Айта кетейік, бұл атаулы күн – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күнінің (1991 жылдың 29 тамызы) тарихи маңызын әлемге танытатын символдық дата. Қазақстан ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздік жолындағы бастамаларымен танылып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тексеру қорытындысы – дабыл қағарлық: 54 асхана мен 191 мектептен кемшілік табылды

Redaktor Shyn-Ar

Жамбылда жер сілкінді

Redaktor Shyn-Ar

Қытайға қарсы наразылыққа шыққан белсенділер 5 жылға дейін сотталды