Қазақстанда қоғамдық орында балағат сөз айтқан жасөспірімдерге айыппұл салынуы мүмкін. Заңгер Бауыржан Азановтың айтуынша, жауапкершілік баланың жасына қарай бөлінеді.
Егер жасөспірім 14 пен 16 жас аралығында болса, оның әрекеті үшін ата-анасы жауап береді. Балағат сөз айтып, ұсақ бұзақылық жасаған жағдайда ата-анасына 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Ал 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер өз әрекеттері үшін өздері жауап береді. Қоғамдық орында балағат сөз айтып, тәртіп бұзғаны үшін оларға 86 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Егер бала 14 жасқа толмаған болса және ұсақ бұзақылықты бірнеше рет қайталаса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Мұндай жағдайда 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда балағат сөз айтуға үндейтін семинар ұйымдастырған әйелге де айыппұл салынған болатын.
