«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратБілім

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ӘЛЕМНІҢ 80-НЕН АСТАМ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы білім мен табандылықтың арқасында үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам шақырту алып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.

Шетелдік университеттер талапкердің академиялық үлгерімін ғана емес, көшбасшылық қасиеттері мен қоғамдық белсенділігін де жоғары бағалап, түрлі оқу және гранттық бағдарламалар ұсынған.

Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарынан жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің беделді оқу орындарына түсуге қажетті дайындық деңгейін растады.

Мектеп жылдарында ол оқу озаты ретінде танылып, ғылыми-зерттеу, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысты. Ағылшын тілі пәні бойынша өткен республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жұмысы үшін І орын иеленді. Сондай-ақ республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Бүгінде талапкер өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University оқу орнын таңдауға ниетті. Болашақта сапалы халықаралық білім алып, жинаған тәжірибесі мен білімін Қазақстанның дамуына бағыттауды мақсат етіп отыр.

Нұрәлі Мединаның жетістігі – білімге ұмтылған жастар үшін жарқын үлгі әрі еліміздің дарынды түлектерінің әлеуетін көрсететін маңызды жетістік.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінің өтетін уақыты белгілі болды

Щучинскіде жарылыс: 7 адам қаза тауып, 28 адам зардап шекті

Ерекше балаларды қолдауға арналған жаңа жүйе енгізіледі