«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратРуханият

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінің өтетін уақыты белгілі болды

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімдерінің нақты уақыты мен орны жарияланды.

Марқұммен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні таңғы сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында ұйымдастырылады.

Бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдағаны туралы ақпарат тараған еді. Онда Мұхтар Шахановтың көзі тірісінде айтқан соңғы тілегі баяндалып, оны Түркістан өңіріндегі қасиетті Арыстанбаб кесенесінің маңына жерлеу жөніндегі аманаты көрсетілген.

Өтініш хатта ақынның ел өміріндегі ерекше рөлі атап өтіліп, оның Желтоқсан оқиғасының шындығын жариялаудағы еңбегі, ұлттық рухты нығайтудағы қызметі және тәуелсіздік, мемлекеттік тіл мен руханият жолындағы күресі кеңінен сөз болған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысынан ақынның соңғы аманатын орындауға рұқсат беру және жерлеу рәсімін Арыстанбаб кесенесі аумағында заң талаптарына сәйкес өткізуге қолдау көрсету сұралған.

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық соттың шешімі: Тоқаевтың қайта сайлануына мүмкіндік бар

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі тағайындалды

Шенеуніктер халыққа жұмыс істеуі тиіс – депутат