«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Конституциялық соттың шешімі: Тоқаевтың қайта сайлануына мүмкіндік бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның жекелеген нормаларына ресми түсіндірме беру туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінді.

Конституциялық соттың түсіндіруінше, Конституцияда көзделген шектеулер тек қолданыстағы Конституция күшіне енгеннен кейін сайлану немесе тағайындалу фактілеріне ғана қолданылады. Ал 1995 жылғы Конституция кезеңінде атқарылған қызмет мерзімі немесе сол кезде сайлану не тағайындалу фактісі бұл шектеулерді қолдану кезінде есепке алынбайды.

Түсіндірме Президент, Конституциялық соттың төрағасы мен судьялары, Жоғарғы соттың төрағасы және Бас прокурор лауазымдарына қатысты берілді.

Осыған байланысты Конституциялық сот 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде аталған қызметтерді атқарған тұлғалардың жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін сол лауазымдарға қайта сайлануына немесе тағайындалуына конституциялық кедергі жоқ деген қорытындыға келді.

Соған сәйкес, қазіргі қолданыстағы Конституция аясында мұндай сайлану немесе тағайындалу алғашқы мерзім ретінде есептеледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда балағат сөз айтқан жасөспірімдерге 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады

«Педофил – Алланың барына дәлел»: университет ұстазының сөзі қоғамда дау туғызды

Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты