«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғамэкономика

«Жалған жеңілдік» үшін кәсіпкерлер жазаланады

Қазақстанда жарнамада төмен баға көрсетіп, сатылым кезінде бағаны арттырған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясат қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде сатып алушылар кейбір тауарлардың “жеңілдікпен” сатылып жатқанын көрсе де, кассада олар әлдеқайда қымбат болып шығатынын айтып шағымдануда. Тағашев мұндай жағдайлардың шын мәнінде кездесетінін растады. Комитет әкімдіктерге бұл мәселені шешу жөнінде тапсырма берген.

«Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, өңірлік департаменттерге шағым түсіре аласыз. Шағымға растайтын материалдар мен нақты дәлелдер қоса берілуі қажет. Шағым қаралғаннан кейін құқықбұзушыға тиісті жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін», – деді ведомство өкілі.

Мұндай әрекеттер Әкімшілік кодекстің «Көрінеу жалған жарнама» бабы бойынша қарастырылады. 2024 жылдан бастап бұл бап бойынша жауапкершілікке тарту құқығы комитет қызметкерлеріне берілді; бұрын бұл өкілеттік салық органдарына тиесілі болған.

Аталған бап бойынша 1,3 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық дүкендердің кейбір тауарлардың бағасын бөліп төлеу кезінде өзгертуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл баланың да, отбасының да мәселесі емес»: Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақхана тапшылығы қашан шешілетінін айтты

Ең төменгі жалақы биыл өзгеріссіз қалады – Үкімет шешім

100 мұғалімге грант берілетін болды