«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Абай облысының су мәселесін шешуге қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Абай облысында жалпы саны 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жобалары ауылдық аумақтарды да қамтиды. Атап айтқанда, Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізілетін болады.

Аталған жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Жобалар аясындағы нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Семей қаласында сумен жабдықтау қызметтерімен қамту деңгейі 95,5%-ды, ал Абай облысының ауылдарында – 95%-ды құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстанда наурыз айында тағы бір мереке пайда болмақ

Алматыда қоқыс контейнерлерін ауыстыру жобасы бюджетке 6 млрд теңгеден астам шығын әкелді