«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Euronews қазақ тілінде жаңалықтар тарата бастайды

Халықаралық Euronews телеарнасы Орталық Азияда алғаш рет қазақ тілінде жаңалықтар мен сұхбаттар ұсынуды бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Euronews Қазақстанда орыс тілінде хабар таратады. Алдағы уақытта телеарнаның ресми интернет-платформасында қазақ тіліндегі жаңалықтар шығарылымдары мен эксклюзивті сұхбаттар жарияланады.

Сондай-ақ, Euronews Қазақстанда мемлекеттік тілдегі контентті кеңейту аясында қазақ тілінде бірнеше ірі медиажобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама қазақ тіліндегі халықаралық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

«Жалған жеңілдік» үшін кәсіпкерлер жазаланады

БАТЫРҒА ЖАСАЛЫНҒАН ҚИЯНАТ БҰЛАЙ КЕТПЕУІ КЕРЕК

Зеленский Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді