Шымкент әкімдігі қызметкерлерінің арасында құмар ойынға тәуелділік анықталды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары және әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбектің мәліметінше, қалалық прокуратураның ұсынысы бойынша әкімдік қызметкерлерінің арасында 54 адам лудоманияға (құмар ойынға тәуелділік) шалдыққаны анықталған.
Бүгінгі таңда олардың 14-і өз еркімен жұмыстан кетсе, 10 қызметкер тәртіптік және қызметтік әдеп нормаларын өрескел бұзғаны үшін қызметінен шеттетілген.
Қазіргі уақытта 20 қызметкерге қатысты қызметтік тергеу мен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Бұл – заң талаптары. Біз бұл жағдайда өзгеше әрекет ете алмаймыз. Әрине, бұл жағдай жанымызды ауыртады. Олар білікті мамандар болуы мүмкін, бірақ құмар ойын – бұл дерт, оған шалдыққандар саны бар. Теріс қылықпен жұмыстан кеткен қызметкерлердің басқа мекемеге орналасуы да қиынға соғады. Бұл жағдайды ескеріп отырмыз. Дегенмен заң – баршаға ортақ, одан жоғары тұратын ешкім жоқ. Сондықтан заң талаптары қатаң сақталуы тиіс», – деді Сәрсен Құранбек.
