«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Щучинскіде жарылыс: 7 адам қаза тауып, 28 адам зардап шекті

Щучинскіде болған жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам зардап шеккен. Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізіне медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Жеті адам қаза тапты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жанып жатқан дәмханадан көлемі 50 литрлік бес газ баллонын және екі оттегі баллонын сыртқа шығарды. Соның арқасында ғимарат ішінде қайталама жарылыстың алдын алу мүмкін болды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.

Өрт дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайға жер беріледі ме?: Министр жауап берді

Тоқаев: АЭС толық ядролық отын циклін қалыптастырады

«Бұл – жала»: Амантай қажы әйелді итерді деген айыпқа қатысты жауап берді