«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Алматы метросы
Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Алматы қаласында үшінші метро желісін салу жоспарланып отыр. Жаңа бағыт Алатау қаласынан басталып, Мизам базары арқылы қазіргі қолданыстағы Сайран бекетіне дейін созылады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындауға қатысты екі хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды.

Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асады:

  • Бірінші учаске: Алатау қаласынан Мизам базарына дейін;

  • Екінші учаске: Мизам базарынан Сайран станциясына дейін.

Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы қалалық мобильділік басқармасы. Метро желісін жобалау жұмыстары Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі қаулысына сәйкес бастау алған.

Қаржыландыру көлемі:

  • Бірінші учаске бойынша жобалық құжаттама дайындауға – 1,3 миллиард теңге (1 351 054 778 теңге);

  • Екінші учаске бойынша – 896 миллион теңге (896 459 961 теңге) бөлінді.

Екі жоба бойынша да ашық тендерлер 2025 жылдың 11-18 маусым аралығында өтеді, ал жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2026 жылдың 31 мамыры.

Алатау қаласынан Мизам базарына дейінгі 7 бекет:

  1. Gate City маңында, «Северный» көлік торабы аумағында;

  2. «Кемел» шағын ауданы жанында;

  3. Солтүстік айналма жолы мен Боралдай көшесінің қиылысында;

  4. Солтүстік айналма жол мен Сауда көшесінің қиылысында;

  5. Солтүстік айналма жол бойында, әскери бөлім маңында;

  6. Кенжехан базарының қасында;

  7. Мизам базары аумағында.

Сондай-ақ, «Северный» көлік торабының солтүстігінде орналасатын электр қоймасына желі тарту да көзделіп отыр.

Мизам базарынан Сайран станциясына дейінгі 5 бекет:

  1. Солтүстік айналма жол бойында, Ялян базары аумағында;

  2. «Адем» сауда үйі маңында;

  3. Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында;

  4. Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысында;

  5. Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында (бірінші желімен қиылысу нүктесі).

Жобада қарастырылған маңызды талаптар:

  • Құрылыс алаңдарын анықтау;

  • Жолаушылар ағынын болжау;

  • Отандық құрылыс материалдарын пайдалану;

  • Сәулеттік шешімдер әзірлеу;

  • Қоршаған ортаны қорғау шаралары;

  • Мүгедектігі бар жандарға қолжетімділік қамтамасыз ету.

Айта кетейік, 2021 жылдың қарашасында Алматы метросының бағыты «Алтын Орда» базары маңынан «Барлық» базарына дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысында қалдықтардың су қоймасына төгілуі індет таратуы мүмкін — әкім орынбасары

«Миллион айыппұлмен қорқытты»: Денсаулығында кінәрат бар сарбаз әскерде қаза тапты

Redaktor Shyn-Ar

«Қазақстанның тұңғыш барысы» жаңа қызметке тағайындалды

Пікір жазу