«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Кеңес дәуіріндегі Қазақстан демографиясы зерттеліп жатыр – Олжас Бектенов

Қазақстанда демография мәселелері терең зерттеліп жатыр – Үкімет жауабы
ашық дереккөзден

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта Қазақстан тарихының жаңа 7 томдығы аясында Кеңес дәуіріндегі демография мәселелері зерттеліп жатқанын мәлім етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық тарихшы ғалымдар «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа жеті томдық академиялық басылым дайындауда. Бұл ауқымды еңбек аясында кеңес дәуіріндегі демографиялық үдерістерге кең көлемде талдау жасалуда.

Сенат отырысында депутат көтерген Демографиялық процестерді талдаудың ұлттық орталығын құру туралы ұсынысқа байланысты Премьер-Министр Олжас Бектенов жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл бастаманы іске асыру мүмкін емес.

– Үкімет 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізген, – делінген Премьер-Министрдің жауабында.

Сонымен қатар, Бектенов Қазақстандағы демографиялық өсімнің оң тенденцияларын атап өтті.

– Халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының талдауына сәйкес, елімізде айтарлықтай демографиялық өзгерістер жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 20,3 миллион адамға жетті. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 24,3 миллион адамға дейін өседі деп күтілуде, бұл – 23 пайыздық өсім. Мұндай өсім туу көрсеткішінің салыстырмалы түрде жоғары болуына және өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты. Бүгінде елімізде бір әйелге шаққанда орта есеппен үш бала дүниеге келеді. Бұл көрсеткіш табыс деңгейі орташадан жоғары елдердің орташа деңгейінен әлдеқайда жоғары, – деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Сенаттағы жиын барысында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты – Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали де демография және көші-қон мәселелерін реттейтін жеке мемлекеттік орган құруды ұсынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет «сән-салтанат» салығының шегін анықтады

Redaktor Shyn-Ar

Араб инвесторлары Қазақстанның технология саласына 250 млн доллар инвестиция салмақ

Redaktor Shyn-Ar

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

Пікір жазу