«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратҚоғам

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

Атырау маңындағы Геолог шағын ауданында Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері табылды. Дереккөздердің мәліметінше, оларды өлтіріп, уақытша баспананың ауласына көмген. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын өзі тұрған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген жерге барып, аумақты қайта тексеріп, екі адамның мәйітін тапты.

Марқұмдардың денесі табылған ауладағы үйде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев әйелімен бірге тұрған.

Осылайша, жоғалған отбасының барлық мүшелері табылды. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтауда.

Еске салайық, іздестіру жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Оған полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардия тартылып, арнайы жылжымалы штаб құрылған. Үй ауласы мен оған жақын жерлер арнайы техникамен, соның ішінде георадар арқылы тексерілгенімен, бастапқы іздестіру нәтижесіз болған еді.

Бұған дейін Жангелдин ауылындағы сарайдан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері табылған болатын.

Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған еді. Кейін олардың екеуінің денесі табылып, ал балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев іздеуде болған. Осы іс бойынша отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде іздеуге жарияланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қосылған құн салығының көтерілуіне байланысты ұялы байланыс тарифтері 20%-ға қымбаттайды

Ресей Қазақстаннан бидай импортына салынған тыйымды алып тастады

Онлайн-саудамен айналысатындар салық төлеушілер тізіміне енгізіледі