«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратЭкология

Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

Каспий теңізі

16 тамызда «Мөлдір әлем» жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады. Оның аумағы 82 шаршы шақырымды құрайды.

Жобаның мәліметінше, Sentinel-1A радиолокациялық спутниктік суретінде ірі фрагменттік дақ анықталған. Экологтардың айтуынша, бұл дақ мұнай қалдықтары немесе балық аулау нәтижесінде пайда болған ластану болуы мүмкін. Лас із Құрық портынан бастап Әзірбайжанның Баку қаласына дейін, яғни Қазақстан мен Әзірбайжан секторлары арқылы өтетін кеме жолының бойымен созылып жатыр.

«Бұл жай ғана суда қалқып жүрген кездейсоқ дақ емес, Каспий картасындағы тұтас қара ізге айналды», – деп мәлімдеді Transparent World ұйымы. Олар осындай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің экологиялық жағдайы күрт нашарлайтынына алаңдаулы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық видеограф Адай Мырзатай өз парақшасында Каспий теңізінің 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырған бейнеролик жариялаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақша білетін жастардың мұндай биік мәдениеттен хабары жоқ»: Almaty Museum of Arts музейіне бойкот жарияланды

Тіл мәртебесіне қатысты пікір білдірген журналистен жазбасын өшіру талап етілді

Redaktor Shyn-Ar

Атырауда жоғалған отбасының ұлы мен қызының денелерінен пышақ жарақаттары анықталды