«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Трамптың жұбайы Путинге үндеу жолдады: «Балалардың күлкісін сақтап қалайық»

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ресей президенті Владимир Путинге арнап жазған хатында балалар мен болашақ ұрпақты қорғауға шақырды. Бұл хатты Ресей басшысына Дональд Трамп Аляскада өткен саммит кезінде тапсырған.

Хатта Мелания Трамп: «Әрбір бала – махаббатқа, мүмкіндікке және қауіп-қатерден алыс болуға лайық. Көшбасшылар ретінде бәріміз адамзаттың болашағы үшін — лайықты әлем құруға жауаптымыз,» — деп жазады.

Сондай-ақ ол: «Жаңа ұрпақ өмірге географиядан, биліктен және идеологиядан биік тұратын тазалықпен келеді. Егер балалардың осы пәктігін қорғай білсек, бұл — тек Ресейге ғана емес, бүкіл адамзатқа жасалған қызмет болмақ. Мұндай батыл идея кез келген алауыздықты жеңе алады. Сізде, Путин мырза, мұны жүзеге асыруға күш те, ықпал да бар,» — деп атап өтті.

Бірінші ханым өз сөзінде Путиннен «балалардың әуезді күлкісін қайтара алатын жалғыз көшбасшы ретінде» әрекет етуді сұрап, «оларды күлкісінен айырмауды» өтінді.

Айта кетейік, 15 тамыз күні Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Бірнеше сағатқа созылған келіссөздер барысында Трамп Путинмен Украина мәселесіне қатысты ортақ мәмілеге келе алмағанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Каспий құбырына шабуылдан кейінгі дау: Сарапшы Украина жағының реакциясын әділетсіз деп санайды

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев: Путин Назарбаевты оның жеке өтініші бойынша қабылдағанын айтты