«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда кімнің жалақысы екі есе өскені анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Министрліктің мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында білім беру ұйымдары педагогтарының, ал 2021-2023 жылдары медицина және әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артты.

2022 жылдан бастап бюджет саласының өзге санаттағы қызметкерлері — есепшілер, кітапханашылар, орманшылар, жүргізушілер, тазалаушылар, күзетшілер және тағы басқа мамандардың жалақысы 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ға өсуін жалғастыруда. Бұл шара нәтижесінде төрт жыл ішінде аталған қызметкерлердің еңбекақысы екі есеге артты, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға өз қаражаты есебінен бюджет саласы қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларын белгілеу құқығы берілді. Бұл шара өңірлерде жалақыны қосымша арттыруға мүмкіндік берді.

Жеке меншік ұйымдардағы жалақы мөлшері жұмыс берушінің ішкі еңбек ақы жүйесіне сәйкес анықталады. Мұндай кәсіпорындарда жалақыны көтеру ұжымдық келіссөздер мен жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шарттар арқылы жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе артқанын мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүниеден озды

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Redaktor Shyn-Ar

Молдова ТМД-дан біржола кетуге бет бұрды