«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемҚұқық

Ресейде боксшы Биволдың бұрынғы әйелі қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын сөз айтқаны үшін айыпталды

Ресейде белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын пікірлер қалдырып, ұлтаралық өшпенділік тудырды деген күдікке ілінді.

Санкт-Петербург қаласының құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Ресейдің әкімшілік заңнамасындағы жеккөрушілік пен адам қадір-қасиетін қорлауға қатысты бап бойынша қаралуда.

Тергеу деректеріне сәйкес, Екатерина Бивол 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың тамызы аралығында Ресейде тыйым салынған Instagram әлеуметтік желісінде және Telegram мессенджерінде арандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлер жариялаған.

Бұл ақпарат 22 қазанда белгілі болды. Сот отырысы 29 қаңтарға белгіленген.

Бұған дейін Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін Қазақстанға экстрадициялау мәселесін көтеретінін айтқан. Қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғап, оны іздеуге жариялады. Сонымен қатар, ол Қырғызстанда да іздеуде жүр. Бұл елдің құқық қорғау органдары оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы маңындағы жер сілкінісі туралы ТЖМ түсініктеме берді

Қазақстандықтар әскери дайындықтан тұрғылықты жерінде өте алады

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады