Қазіргі кезде мектеп бітіруші көптеген жас түлектер үшін «ҰБТ» – болашақты анықтайтын, қорқыныш пен үміт қатар жүретін сын кезеңі. Әсіресе өзіне жоғары талап қойып, сүйікті мамандығына түсуге ұмтылған түлектер үшін бұл уақыт ерекше жауапты болып көрінеді. Сол себепті көптеген жастар өздерін шектен тыс қыспаққа салып, бар назарын тек нәтижеге бағыттайды. Осы қиындықтар бірігіп, оқушы өмірінің ең жарқын шағын көлеңкеде қалдырады.
Бірақ соңғы мектеп жылы – адам өміріндегі ең ерекше, бақытты кезеңдердің бірі емес пе?
Дегенмен көп оқушылар дәл осы жылы есте қалар сәттерді байқамай өткізіп алады. Сыныптастарыңмен бірге өткізген соңғы айлар, қоңырау кезіндегі әдеттегі әңгімелер, үзілісте естілген күлкі, тіпті жүректен шыққан кішкентай қалжыңдардың өзі – болашақта сағынышқа айналатын ерекше сәттер. Ұстаздардың соңғы кеңесі, олардың мейірімді көзқарасы, қолдауы – бұлардың мәнін тек уақыт өткенде ғана терең түсінесің. Ұстаздармен жақын қарым-қатынаста болу, олардың соңғы кеңестерін тыңдау да – өз алдында ерекше сезім.
Сондықтан жас түлектерге айтар кеңесім,мен айтамын сен құлақ асып тыңда:
“Өмірдің осы кезенің бағалай біліңдер. ҰБТ – әрине, маңызды, бірақ ол өмірдің жалғыз мақсаты емес. Сыныптастарынмен жиі кездесіп, көңіл көтеріп жүріңдер. Мектеп қабырғасындағы соңғы күндеріңді көңілді де жарқын естеліктерге айналдырып кетуге тырыс. Достарыңмен көбірек аралас, ортақ суреттер түсір, бірге күліп, бірге қуан. Әр сәтті сезініп,сүре білуді ұмытпаңдар”.
Нұрай Сауытбек,
№156 мектебінің 11 сынып оқушысы.
