«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратБілім

Қазақстандық оқушылар диктант, шығарма мен мазмұндамаға қайта оралды

Қазақстандық оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру мақсатында дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Енді 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәндері оқытылады. Ал жоғары сыныптар үшін «Құқық негіздері» міндетті пәнге айналады. Бұл өзгерістер оқушылардың тек білім деңгейін ғана емес, олардың тәртібі мен жауапкершілігін де арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ жаңа пәндер «Адал азамат» бағдарламасы аясында енгізіледі. Бұдан бөлек, экологиялық тәрбиеге де ерекше көңіл бөлініп, кейбір пәндер қайта оқытыла бастайды. Мәселен, 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан жүргізіледі.

Осылайша жаңартылған оқу бағдарламасы енді тек білім беруге емес, сонымен қатар тәрбиеге және заңды құрметтеуге басымдық бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Redaktor Shyn-Ar

Алматы жұртшылығы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

Қазақстанда жаңа күріш сорты сынақтан өткізіліп жатыр

Redaktor Shyn-Ar