«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін бірқатар ресми құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды. АЕК мөлшері 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген.

АЕК өсіміне байланысты келесі жылы мемлекеттік баж да қайта есептеледі.

Құжаттарды рәсімдеу құны

  • 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК).
    2025 жылы – 15 728 теңге.

  • 36 беттік стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК).
    2025 жылы – 31 456 теңге.

  • 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК).
    Биыл – 47 184 теңге.

  • Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК).
    2025 жылы – 786 теңге.

  • Жеке куәлігін бір жылда екі реттен жиі жоғалтқандар – 1 АЕК (4 325 теңге).

  • Жүргізуші куәлігі – 5 406 теңге (1,25 АЕК).

  • Неке қию куәлігі – 1 АЕК (4 325 теңге).

  • Ажырасу туралы өтініш беру – 8 650 теңге (2 АЕК).
    Бұл 2025 жылғы мөлшерлемеден (7 864 теңге) жоғары және некені тіркеуден екі есе қымбат.

  • Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі.
    Құжат жоғалған немесе қайта рәсімдеу қажет болған жағдайда – 0,5 АЕК (2 163 теңге).

Мемлекеттік баждан босатылатын азаматтар

Кейбір санаттағы азаматтар құжаттарды тегін рәсімдей алады. Оларға мыналар жатады:

  • ел батырлары және жоғары мемлекеттік награда иегерлері;

  • көпбалалы аналардың құрметті атақ иелері;

  • соғыс ардагерлері мен жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар;

  • мүмкіндігі шектеулі жандар және мүгедектігі бар баланың ата-аналары;

  • әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;

  • жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар;

  • Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккендер.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда жетім балаға тиесілі үйде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген

«Мұқағали Мақатаевты сорлы еркекке» теңеген блогерден ақынның ұлы 10 млн теңге өтемақы талап етті

Алматыдағы опырылған жол: қадағалаушы компания лицензиясынан айырылды