«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

​​​​​​​Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды

Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге бір ай мерзімге тыйым енгізілді. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, бұл шектеу отандық өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған.

«Айта кетейік, тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларын транзитпен өткізуге, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір елден екінші елге Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға қолданылмайды», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауда комитетінің төрағасы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтерген сатушыларды анықтағанын хабарлаған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда сиыр еті қымбаттай ма? Министрлік болжамын айтты

Redaktor Shyn-Ar

Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты

Redaktor Shyn-Ar

Касым-Жомарт Токаев дал поручения новому акиму области Улытау

Дамир Оразбаев