«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ қолға түсті

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері қолға түсті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер қиын жағдайға тап болған қыздарды пайдаланып, оларды нәрестелерін сатуға көндірген.

«Қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілерге мүліктерін тәркілеу арқылы 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Алматы әуежайында жаңа туған нәрестені шекарадан өткізбек болған Қытай азаматтары ұсталғаны хабарланған еді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалған, алайда қылмыстың өзге мән-жайлары жария етілмеген. «STOP-трафик» бағдарламасы аясында елде адам саудасының 39 фактісі тіркелген, оның алтауы – кәмелетке толмағандарға қатысты.

Сонымен қатар Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тарту схемалары анықталып, 11 іс бойынша материалдар сотқа жіберілмек.

Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы түнгі ойын-сауық орындарын тексеру барысында кәмелетке толмағандарды түрлі қанау түрлеріне тарту жағдайлары анықталды. Астанада полиция прокуратурамен бірлесіп, Гёте көшесіндегі теміржол вокзалы маңында рейд жүргізіп, жыныстық қанау мақсатында притондар ұйымдастырды деген күдікпен сегіз адамды жауапкершілікке тартты.

Ақмола облысында «рухани орталық» құрған діни топтың қызметі тоқтатылды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ұйым мүшелері отбасылық құндылықтардан бас тартуды және бейберекет жыныстық қатынасты насихаттаған. Қазір сараптамалар тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы әуежайында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктердің елден шығуға әрекеттенгені хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Қазақстандағы ең «қарт» және «жас» өңірлер анықталды

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады?

Redaktor Shyn-Ar