Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын Жарлыққа қол қойды. Құжатта елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін ұлттық нышандар тізімі бекітілген.
Ұлттық нышандар елдің өзіндік келбетін айқындап, жалпыұлттық бірегейлікті нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған.
Жарлыққа сәйкес, жалпыұлттық нышандардың тізімі төмендегідей:
-
Ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»
-
Ұлттық түстер – аспан түстес көк және алтын сары
-
Ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»
-
Ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ
-
Ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра
-
Ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ
-
Отандық өнімнің ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған» / «Made in Qazaqstan»
-
Ұлттық хэштегтер – #Qazaqstan, #Kazakhstan
Құжатта көрсетілгендей, бұл нышандар елдің бірыңғай бренд жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мәдени және білім беру мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының қызметінде қолдануға бағытталған.
Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерде, қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларда кеңінен пайдаланылмақ.
