«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Енді зейнетақы жинағын алу қиындай түседі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы артық қаражатты пайдалану мүмкіндігі бұрынғыдан да қиындай түспек.

Жаңартылған көрсеткіштер бойынша 20 жастағы азаматтың шотында кемінде 6,67 миллион теңге, 30 жастағы азаматта 9,75 миллион теңге, ал 40 жастағы азаматта 13,37 миллион теңге болуы тиіс. Осы сомадан асқан қаражат қана тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Егер шоттағы қаражат белгіленген шектен төмен болса, жинақтың артық бөлігін пайдалану құқығы берілмейді.

Жаңа жеткіліктілік шектері төмендегідей:

  • 20 жас – 6 670 000 теңге;
  • 21 жас – 6 960 000 теңге;
  • 22 жас – 7 250 000 теңге;
  • 23 жас – 7 540 000 теңге;
  • 24 жас – 7 840 000 теңге;
  • 25 жас – 8 150 000 теңге;
  • 26 жас – 8 460 000 теңге;
  • 27 жас – 8 770 000 теңге;
  • 28 жас – 9 090 000 теңге;
  • 29 жас – 9 420 000 теңге;
  • 30 жас – 9 750 000 теңге;
  • 31 жас – 10 090 000 теңге;
  • 32 жас – 10 430 000 теңге;
  • 33 жас – 10 780 000 теңге;
  • 34 жас – 11 130 000 теңге;
  • 35 жас – 11 490 000 теңге;
  • 36 жас – 11 850 000 теңге;
  • 37 жас – 12 220 000 теңге;
  • 38 жас – 12 600 000 теңге;
  • 39 жас – 12 980 000 теңге;
  • 40 жас – 13 370 000 теңге;
  • 41 жас – 13 760 000 теңге;
  • 42 жас – 14 160 000 теңге;
  • 43 жас – 14 560 000 теңге;
  • 44 жас – 14 980 000 теңге;
  • 45 жас – 15 400 000 теңге;
  • 46 жас – 15 820 000 теңге;
  • 47 жас – 16 250 000 теңге;
  • 48 жас – 16 690 000 теңге;
  • 49 жас – 17 140 000 теңге;
  • 50 жас – 17 590 000 теңге;
  • 51 жас – 18 050 000 теңге;
  • 52 жас – 18 510 000 теңге;
  • 53 жас – 18 980 000 теңге;
  • 54 жас – 19 460 000 теңге;
  • 55 жас – 19 950 000 теңге;
  • 56 жас – 20 450 000 теңге;
  • 57 жас – 20 950 000 теңге;
  • 58 жас – 21 460 000 теңге;
  • 59 жас – 21 970 000 теңге;
  • 60 жас – 22 500 000 теңге;
  • 61 жас – 23 030 000 теңге;
  • 62 жас – 23 570 000 теңге.

Бұл – 2026 жылы жеткіліктілік шегінің екінші рет көтерілуі. Жыл басында көрсеткіштер 10 пайызға индекстелген болатын. Сол кезде зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалану үшін қажет ең төменгі сома 20 жастағылар үшін 3,72 миллион теңге, 30 жастағылар үшін 5,12 миллион теңге, 40 жастағылар үшін 6,72 миллион теңге, 50 жастағылар үшін 8,57 миллион теңге, ал 60 жастағылар үшін 10,7 миллион теңге болған.

Алайда араға бірнеше ай салып жеткіліктілік шектері жаңа есептеу әдістемесіне сәйкес қайта қаралып, айтарлықтай өсті.

Енді есептеу кезінде азаматтың жасы, зейнетке шығуына дейінгі кезеңі, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, болашақтағы зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы ескеріледі. Яғни мемлекет адамның зейнеткерлік кезеңде қанша қаражатқа мұқтаж болатынын алдын ала есептеп, сол деңгейден асатын бөлігін ғана пайдалануға мүмкіндік береді.

Жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа тәсілі туралы Үкіметте биыл наурыз айынан бастап айтыла бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы қорынан шамамен 5 триллион теңге алған. Оның едәуір бөлігі жастардың үлесіне тиесілі.

Министр мұндай үрдіс болашақтағы зейнетақы төлемдерінің азаюына алып келуі мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, кейбір азаматтардың жинағы жеткіліксіз болғандықтан, болашақта тек ең төменгі базалық зейнетақыға ғана үміт арту қаупі бар.

Сонымен қатар соңғы жылдары зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілген бағыттарға да бірқатар шектеу енгізілді. Атап айтқанда, офтальмологиялық емге жұмсауға тыйым салынды. Бұған дейін стоматологиялық қызметтерді төлеуге қатысты талаптар да күшейтілген болатын.

Осылайша мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуын күшейтіп, азаматтардың қартайған шақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған кезекті қару-жарақтарды тәркіледі

Отмена 50-процентной скидки на штрафы: депутат объяснил предложение

Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланады