«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратҚоғам

Шиеліде маньяк пайда болды?: Ресми орган мәлімдеме жасады

Қызылорда облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған өңірде сериялық кісі өлтіруші жүр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданында канал шлюзінен жас қыздың мәйіті табылған. Оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған.

Марқұмның жеке басы анықталды. Туыстарының айтуынша, ол 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде Қызылорда облысында бір-бірімен байланысты бірнеше кісі өлтіру фактісі тіркелгені жөнінде түрлі ақпарат тарай бастаған. Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

«Мессенджерлер арқылы тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылған», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Сонымен қатар, 1 маусым күні Жаңақорған ауданында кісі өлтіру дерегі тіркелген. Полицияның мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған. Соттың санкциясымен ол қамауға алынған.

Қазіргі уақытта аталған екі қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында әйел кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

170 мың адам жаңа жұмыс іздейді, табыс төмен

Алматыда Жириновскийге арналған естелік тақта орнату ұсынылды