«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Сот Бишімбаевтың арызын қанағаттандырудан бас тартты

Бишімбаев алиментті азайтқысы келді: сот мүлікті қайта рәсімдеуді жалтару деп бағалады Адвокаттың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман үш балаға алимент төлеу туралы келісімге келген. Алайда соңғы айларда Бишімбаев сотқа арыз түсіріп, өз қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, алимент мөлшерін азайтуды сұраған. Сот процесі кезінде оның иелігінде мүлік бары анықталып, бұл мүлік үшінші тұлғаларға сыйға тарту арқылы қайта рәсімделгені белгілі болды. Адвокат Динара Шамшекова бұл әрекетті алимент төлеуден жалтару деп атап өтті. Сот Бишімбаевтың талабын қанағаттандырудан бас тартып, алимент – балалары алдындағы конституциялық міндет екенін еске салды. Адвокаттың айтуынша, қайта рәсімделген мүлік үш бала кәмелетке толғанға дейінгі алиментті толық өтеуге жеткілікті.
ашық дереккөзден

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алимент төлемдерін азайту туралы талабын сот қанағаттандырмады. Бұл туралы адвокат Динара Шамшекова айтып берді.

Бишімбаев алиментті азайтқысы келді: сот мүлікті қайта рәсімдеуді жалтару деп бағалады

Адвокаттың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман үш балаға алимент төлеу туралы келісімге келген. Алайда соңғы айларда Бишімбаев сотқа арыз түсіріп, өз қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, алимент мөлшерін азайтуды сұраған.

Сот процесі кезінде оның иелігінде мүлік бары анықталып, бұл мүлік үшінші тұлғаларға сыйға тарту арқылы қайта рәсімделгені белгілі болды. Адвокат Динара Шамшекова бұл әрекетті алимент төлеуден жалтару деп атап өтті.

Сот Бишімбаевтың талабын қанағаттандырудан бас тартып, алимент – балалары алдындағы конституциялық міндет екенін еске салды. Адвокаттың айтуынша, қайта рәсімделген мүлік үш бала кәмелетке толғанға дейінгі алиментті толық өтеуге жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

Право Каким будет налог на транспорт согласно новому Налоговому кодексу

Дамир Оразбаев

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Атырауда 141 тендер ұтқан депутат компаниясы әкімдікпен ауыз жаласты ма?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу