«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Құлыбаевтарға қатысты «Алмэкс» 203 млрд теңге дивиденд бөледі

«Алмэкс» холдингтік тобы» АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге 203,21 млрд теңге бағыттайды. Бұл туралы компанияның қаржылық есептілігі депозитарийінде жарияланған шешімде айтылған.

Дивидендтер холдингтің 2026 жылдың алғашқы алты айында алған таза табысы есебінен төленеді. Компания осы кезеңдегі 203 млрд 209 млн 609,5 мың теңге көлеміндегі таза табысын жай акциялар бойынша дивиденд ретінде бөлу туралы шешім қабылдаған.

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 8 940,15 теңге болып белгіленді.

Дивидендті алушы — холдингтің жалғыз акционері саналатын «Алмэкс» холдингтік тобы. Қаражат банк шотына ақша түрінде аударылады.

Бұған дейін, 2026 жылдың мамырында, «Алмэкс» 2023, 2024 және 2025 жылдар үшін жай акциялар бойынша жалпы 462,3 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Forbes Kazakhstan-ның 2026 жылғы мамырдағы бағалауынша, Динара және Тимур Құлыбаевтар Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде үшінші орында тұр. Басылым олардың жиынтық байлығын 5,4 млрд доллар деп бағалаған.

Құлыбаевтар «Алмэкс» арқылы Halyk Bank акцияларының бір бөлігіне иелік етеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, холдингке банктің 61,99% акциясы тиесілі болған. Оның ішінде қаржы институтындағы 35,09% үлес номиналды ұстаушының атына тіркелген.

2026 жылдың наурызында «Алмэкс» бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған.

Бұған дейін Құлыбаевтардың «Алмэкс» холдингінен жарты триллион теңгеге жуық дивиденд алатыны туралы хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ СӨЗ БОЛДЫ

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі