«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қытайда мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелерінің табысы мен мүлкі тексеріледі

Қытайда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты бақылау күшейтілмек. Енді шенеуніктердің өзімен қатар, олардың жақын туыстарының табысы, мүлкі және кәсіпкерлік қызметі де назарға алынуы мүмкін.

Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің ресми табысы мен отбасының өмір сүру деңгейі арасында айтарлықтай айырмашылық болса, оның себептері тексеріледі. Мәселен, орташа жалақы алатын шенеуніктің жұбайы қымбат көлік мініп, балалары жоғары деңгейде өмір сүрсе, отбасының қаржылық жағдайына қатысты түсініктеме талап етілуі ықтимал.

Сондай-ақ шенеуніктердің туыстарына қызметтік байланыстар мен лауазымдық мүмкіндіктерді жеке мүддесіне пайдалануға тыйым салынады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтегі туысының ықпалын пайдаланып, тиімді келісімшарттар мен басқа да артықшылықтарға қол жеткізуге жол берілмейді.

Бұл талаптар Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 29 қазанда қабылдаған құжатында қамтылған. Құжаттың толық нұсқасы 1 қарашада «Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігінде жарияланды.

Шенеуніктердің туыстарына кәсіпкерлік бойынша да шектеу қойылады

Қытайда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қатысты осындай шектеулер бұрыннан қолданылып келеді. Атап айтқанда, кейбір шенеуніктердің жұбайлары мен балаларына олардың қызметтік өкілеттігімен байланысты салаларда бизнес жүргізуге рұқсат берілмейді.

Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан 2012 жылы Си Цзиньпин билікке келгеннен кейін күшейді. Содан бері бұрынғы министрлер мен жоғары лауазымды әскери қызметкерлерге қатысты да тергеу жұмыстары жүргізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Мадуроны жақтау – миллиондаған адамның қасіретіне көз жұму

Redaktor Shyn-Ar

«Парад бар, құрмет жоқ: Астана ардагерін неге өткізбеді?»

Redaktor Shyn-Ar

«Маған бәрібір… Ленин! Нағыз алматылықтар солай айтады»: Белгілі блогердің мәлімдемесі дау тудырды